- Жұмыспен қамтуТолық жұмыспен қамту, 5/2 кесте және басқа нұсқалар
- Тәжірибе1–3 жыл
Сізде мыналар болса, бұл вакансия сізге арналған:
- орта арнаулы білім және мамандық бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
- дәнекерлеу өндірісі маманының 1-деңгейіне аттестаттау;
- жүк тиеуші-стропальщик куәлігі;
- пневмо-электр аспаппен жұмыс істеуге рұқсат;
- электр қауіпсіздігі бойынша 2-топқа рұқсат, газ баллондарын пайдалануға рұқсат.
және білесіз:
- әртүрлі дәнекерлеу автоматтарының, жартылай автоматтардың, плазматрондар мен қуат көздерінің құрылысын;
- орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздерін;
- дәнекерленген жіктерді сынау тәсілдерін, дәнекерлеу материалдарының маркалары мен түрлерін;
- дәнекерленген жіктердегі ақау түрлерін және оларды болдырмау мен жою әдістерін;
- дәнекерлеу режимдерінің жік геометриясына әсерін;
- дәнекерленетін металдардың механикалық қасиеттерін;
- өңделетін бөлшектердің сызбаларын оқу ережелерін.
- Жұмыс түрлері: шиберлі, сыналы ысырмалардың, кері бекітпелер мен шарлы шүмектердің жауапты күрделі тораптарын көміртекті және конструкциялық болаттан төменгі, тік және көлденең күйде қорғаныс газдары ортасында тұтас электрод сымымен жартылай автоматты дәнекерлеу (1–5 санатты жіктер); бекіту арматурасының тығыздағыш беттеріне тозуға және коррозияға төзімді жабындарды жартылай автоматты машиналарда балқытып қаптау; манипуляторлар мен роликтік тіректерде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып флюс қабатымен 1–4 санатты сақиналық және бойлық жіктерді автоматты дәнекерлеу; тығыздағыш беттерді сым электродпен және ұнтақ таспамен автоматты балқытып қаптау; шиберлі ысырмалардың дренаждық құбырларын балқымайтын электродпен қолмен аргон-доғалы дәнекерлеу; балқытып қаптау ақауларын түзету, бөлшектердің өлшемдерін қалпына келтіру; ақауларды тегістеу машинасымен немесе ауа-доғалық сүргілеумен алу; барлық кеңістіктік күйлерде бөлшектер мен тораптарды қармап дәнекерлеу; жіктерді және жік маңындағы аймақтарды шашыраған металдан тазалау.
Біз сізге ұсына аламыз:
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналастыру;
- әлеуметтік пакет (демалыс пен ауырған күндерге ақы төлеу, жыл сайынғы медициналық тексеру жұмыс беруші есебінен);
- тұрақты жалақы айына 1 рет Банк ЦентрКредит картасына;
- қызметтік көлікпен тегін жеткізу.
Кадрлар бөлімі: +7 (7232) 70-02-08 · ogolubeva@ukaz.kz