Құрметті әріптестер!

9 мамыр – еліміздің ең елеулі мерекелерінің бірі!

Жеңіс күні – барлық қазақстандықтарды біріктіретін уақыт пен шекараларға бағынбайтын мереке. Болашақ ұрпақтар үшін жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің жасаған ерлігі біздің жүректерімізде Отанға деген шынайы сүйіспеншілік, қажымас қайраттылық және батылдық мысалы ретінде мәңгілік сақталады. Біздің парызымыз – халқымыздың жақсы дәстүрлерін сақтау және арттыру. Сіздерге зор денсаулық, жұмысыңызда табыс, бақыт, амандық және ашық аспан тілейміз!

Құрметпен, «ӨАЗ» АҚ әкімшілігі