2018 жылдың 24 мамырында «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ аумағында ASG Robotics фирмасының өкілдері ысырмалар тұрқыларына келтеқұбырларды пісіруге арналған роботтандырылған дәнекерлеу жинағын енгізу бойынша жұмыстарды қайта бастады. Жұмыстар құрамына роботтандырылған жинақты бағдарламалау және жөндеу, сонымен қатар дәнекерлеу технологиясын сынау кіреді. Жұмыстардың аяқталу күні 2018 жылдың шілде айы.