Осымен «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ акционерлерін 01.08.2024 жылы өткізілген жалпы жиналыстың қорытындылары туралы хабарлайды.
Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша. Бірінші сұрақ бойынша дауыс беруге қатысатын акция ұстаушылардың дауыстарының жалпы саны – 748 434 дауыс беретін акция. Дауыс беру нәтижелері: «Жақтады» 748 434 дауыс беретін акция дауыс берді; «Қарсы» - жоқ; «Қалыс қалды» - жоқ. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоғамның 2023 жыл үшін жылдық қаржы есебін бекіту. Қаржы есебінің депозитарийінің интернет-русурсында қаржы есебін және аудиторлық есепті орналастыруды, сонымен қатар оны бұқаралық ақпарат құралында Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қоғам Жарғысының талаптарына сәйкес «Казахстанская правда» газетінде орналастыруды Қоғамның Бас директорына міндеттеу. Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша. Екінші сұрақ бойынша дауыс беруге қатысатын акция ұстаушылардың дауыстарының жалпы саны – 748 434 дауыс беретін акция. Дауыс беру нәтижелері: «Жақтады» - 748 434 дауыс беретін акция дауыс берді; «Қарсы» - жоқ; «Қалыс қалды» - жоқ. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 2023 жылдың нәтижелері бойынша жай акциялар бойынша дивидендтерді төлемеу. 2023 жыл үшін артықшылығы бар акциялар үшін дивидендтерді Қоғам Жарғысына сәйкес есептеу және төлеу. Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша. Үшінші сұрақ бойынша дауыс беруге қатысатын акция ұстаушылардың дауыстарының жалпы саны – 748 434 дауыс беретін акция. Дауыс беру нәтижелері: «Жақтады» - 748 434 дауыс беретін акция дауыс берді; «Қарсы» - жоқ; «Қалыс қалды» - жоқ. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоғамның қаржы есебінің аудитін 2024 жылы жасау үшін «Premium Аудит» ЖШҚ, БСН 210640029657 шарт жасау. Күн тәртібінің төртінші сұрағы бойынша. Төртінші сұрақ бойынша дауыс беруге қатысатын акция ұстаушылардың жалпы саны саны – 748 434 дауыс беретін акция. Дауыс беру нәтижелері: «Жақтады» - 748 434 дауыс беретін акция дауыс берді; «Қарсы» - жоқ; «Қалыс қалды» - жоқ. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоғамның «Алтай-Тау-КЗ» ЖШС-мен, БСН 240640015543, зауыт өнiмдерiн - құбыр арматурасын, атап айтқанда номиналды диаметрi DN 300-ден DN 1200-ге дейiнгi шиберлiк ысырмаларды, қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштарды сату жөнiнде iрi мәмiле жасасуы мақұлдансын. Өнімді жеткізуші - «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ, ал сатып алушы - «Алтай-Тау-КЗ» ЖШС, БСН 240640015543. «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ атқарушы органына осы шешім қабылданған кезден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге дейін жеткізу шарттарын жасасуға рұқсат етілсін, жеткізу шарттары мен мерзімдері, төлем шарттары мен мерзімдері және шарттардың өзге де талаптары «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ атқарушы органының қалауы бойынша айқындалатын болады. Қоғамның «Алтай-Тау-КЗ» ЖШС-мен, БСН 240640015543, зауыт өнiмдерiн - құбыр арматурасын, атап айтқанда номиналды диаметрi DN 300-ден DN 1200-ге дейiнгi керi ысырмаларды, қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштарды сату жөнiнде iрi мәмiле жасасуы мақұлдансын. Өнімді жеткізуші - «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ, ал сатып алушы - «Алтай-Тау-КЗ» ЖШС, БСН 240640015543. «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ атқарушы органына осы шешім қабылданған кезден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеге дейін жеткізу шарттарын жасасуға рұқсат етілсін, жеткізу шарттары мен мерзімдері, төлем шарттары мен мерзімдері және шарттардың өзге де талаптары «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ атқарушы органының қалауы бойынша айқындалатын болады. Қоғамның «Алтай-Тау-КЗ» ЖШС-мен, БСН 240640015543, зауыттың өнім дайындауы үшін қажетті материалдарды, жиынтықтауыштарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға ірі мәміле жасасуы мақұлдансын, ол үшін «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ атқарушы органына осы шешім қабылданған кезден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалпы сомасы 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге дейін «Алтай-Тау-КЗ» ЖШС, БСН 240640015543, материалдарын, жиынтықтауыштарын, қосалқы бөлшектерін сатып алуға арналған шарттар жасасуға рұқсат беру қажет. Осы шарттар бойынша жеткізуші «Алтай-Тау-КЗ» ЖШС, БСН 240640015543, ал сатып алушы – «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ болады. Жеткізу шарттары мен мерзімдері, төлем шарттары мен мерзімдері және шарттардың өзге де талаптары Қоғамның атқарушы органының қалауы бойынша айқындалатын болады.