Құрметті әріптестер!

1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – әрбір мемлекеттің міндетті ерекшеліктерінің бірі. Олар оның тарихын нақтылы көрсетеді, қазіргі құндылықтарды, болашаққа деген жоспарларды көрсетеді. Қазақстанның туы, әнұраны және елтаңбасы – бұл Республикамызды әлемге танытатын бірінші нәрсе. Ғаламшардың барлық жерлерінде алтындай күні және самғаған бүркіт бейнесі бар көк туымыз мемлекетіміздің еңсесін көтеріп желбіресін, ал біздің әнұранды бүкіл әлемдік қоғамдастық білсін!

Мереке құтты болсын!