2019 жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-ші жылдығы атап өтілді. Біздің қаламызда Жеңіс Күніне арналған салтанатты шаралар өткізілді: әскери шеру, «Мәңгілік полк» атты халықтық қозғалыс, салтанатты салюттар, шерулер, сонымен қатар гүл салу рәсімі. Қаламыздың басқа да кәсіпорындарымен қатар «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ Даңқ Мемориалына гүлдерді салу рәсіміне қатысты.
Отанымыздың барлық қорғаушы батырларына, өмірде бар және өмірден кеткендерге, деген шексіз құрметпен бірге олардың ең үлкен құрбандықтары бекер болмағанға берік сенім біздің жүректерімізде үнемі сақталады. Отанымыздың тәуелсіздігін және еркіндігін өздерінің өмірлерімен және қандарымен қорғап қалған жауынгерлерге тағзым етеміз.