Астана күнімен құттықтаймыз!
Құрметті серіктестер, достар және әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мерекесі – Астана күнімен құттықтаймыз! Биыл Қазақстан Астанасына 20 жыл толады. Астана – мемлекетіміздің мақтанышы, барлық қазақстандықтардың армандары, сенімдері және үміттері байланысқан қала. Осы мереке күні Сіздерге бейбітшілік, жақсылық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне жаңа үміттердің іске асуын тілейміз!
«ӨАЗ» әкімшілігі