9 мамыр – мемлекетіміздің тарихында орны ерекше күн және бүгін, барлығымыз үшін, осы күн халқымыздың ерлігі мен батылдығының нышаны. Міне, 74 жыл бойы біз соғыстың ауыр жылдарын еске түсіреміз. Уақыт өте келе, осы күннің маңыздылығы өшпейді, тек қана артып отырады. Соғыс жылдарының батырларының үлгісімен біздің ұрпақтар тәрбиеленген. Біз ұлы жеңіскерлердің ұрпақтарымыз, осыны мәңгі ұмытпаймыз!
Осындай ерекше мәні бар күні Сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік пен мейірімділік, бақыт пен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

«ӨАЗ» АҚ әкімшілігі