1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Осы күн мемлекетіміздің тарихында жаңа мемлекеттік символикасының туылған күні ретінде мәңгі қалады және ұлттық бірлікті нығайтуға, қазақстандықтардың отаншылдығын тәрбиелеуге жағдай жасайтын мемлекеттік мейрам ретінде осыдан жиырма жылдан астам уақыт бойы атап өтіледі.
Мемлекеттік нышандар – әрбір мемлекеттің ажырамайтын белгілерінің бірі болып табылады, оның егемендігі мен сәйкестігін бейнелейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Жалау, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.
Мемлекеттік нышандар өздерінен мемлекеттің тарихын нақтылы түрде көрсетеді, бұгінгі құндылықтарын бейнелейді, болашаққа деген жоспарларын көрсетеді. Қазақстанның жалауы, елтаңбасы және әнұраны – біздің республикамызды әлемде танытатын бірінші нәрсе. Әлемнің әрбір бұрышында алтын күні мен шарықтаған қыран бейнесі бар көк жалауымыз мақтанышпен желбіресін, ал біздің елтаңбаны бүкіл әлемдік қоғам танысын. Құрметті әріптестер! Отанымыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеңіз, оларды мақтан тұтыңыз!
«ӨАЗ» АҚ әкімшілігі