Предприятие
Өскемен арматуралық зауыты – өнеркәсіптік құбыр тірек арматурасын өндіру бойынша Қазақстан Республикасы мен ТМД-дағы 50 жыл аралығында дамып келе жатқан тарихы бар ірі кәсіпорын!
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Батыс Сібірдемұнай мен газдың ірі кен орындарын белсенді игеру басталды. Мұнай мен газсаласы үшін құбыржолдық арматурасын өндіру бойынша өнеркәсіптік қуаттылықтар құруқажеттілігі туындады.
Дәл сол уақытта, 1973 жылы Өскеменде арматуралық зауыт құрылысы басталды, ал 1975 жылы оның «Казтяжпромарматура» (кейін «Нефтегазмаш» АҚ) құрамындағы бірінші қуаттылықтары енгізілді. Ең алдымен, пайдалануға зауыт құрылысын жеке өндірілген жабдықпен қамтамасыз етуі тиіс стандартты емес жабдық цехі іске қосылды. Бас корпустың өндірістік алаңдарымен қатар пайдалануға инженерлік желілері бар зауыттың барлық дерлік тіршілікті қамтамасыз етуші нысандары енгізілді.
2370 дана таңбалап дәнекерленген арматура шығаруға арналған алғашқы өндірістік қуаттылықтар 1976 жылғы 30 желтоқсандағы Мемлекеттік комиссия Актісімен қабылданған.
1977 жылы DN1000мм PN80кгс/см² жылжымалы айналдырығы бар сыналы ысырма, ал 1978 жылдың қаңтарында Батыс Сібір мұнай құбырларына арналған жүзінші жапқышы жасалды. Айрықша мәні бар оқиға алғашқы рет болат балқытылғанда, 1980 жылдың 3 қарашасында орын алды.
90-шы жылдардың басына қарай 12 бұйым атауының сериялық шығарылымы игерілді: мұнай және мұнай өнімдеріне арналған жылжымалы айналдырығы бар сыналы ысырмалар, жылу су таратқыштарына және атом станцияларына арналған дискті бұрылысты ысырмалар, атом станцияларына арналған герметикалық клапандар, сұйық күкіртті тасымалдауға арналған жылытуы бар шарлы шүмектер және басқа бұйымдар. Сонымен қатар, тағам өнеркәсібіне арналған өнеркәсіптік тоңазытқыш агрегаттарын шығару игерілді.
Солайша, адам саны 1974 жылы 25 адамнан тоқсаныншы жылдар аяғына қарай 4000 дейін өскен «Казтяжпромарматура» ӨБ мұнай мен газ өнеркәсібі үшін жабдық жеткізу бойынша арматуралық зауыттар арасындағы көшбасылардың біріне айналды.
90-шы жылдар басында Кеңес одағының ыдырауы, қаржылық және саяси жүйенің құлауы зауыт дамуына да кері әсер етті.
Алайда кәсіпорынның мықты кадр құрамының арқасында 1998 жылы «Нефтегазмаш» негізінде 3 зауыт құрылды, оның ішінде «ӨАЗ», осы мерзімнен бастап Өскемен арматуралық зауыттың жаңаруы басталды. Жаңа өнім түрлері игерілді, клиенттермен бұрынғы серіктестік қатынастар қалпына келтірілді.
Кейінгі жылдары 700 кгс/см² дейінгі қысымдарда жұмыс істейтін, шартты өтпе диаметрі 2400 мм дейінгі кең номенклатуралы құбыр арматурасын өндіру игерілді және ретке келтірілді.
Зауыттың қызмет ету уақытының ішінде ол шығаратын сұқпалы, сыналы ысырмалар және қайтармалы бекітпелер қызмет ететін, сондай-ақ, қайта құрылып жатқан: Қазақстандық-Қытайлық Атасу-Алашанькоу құбыры.
2001 жылдан бастап зауытта ISO 9001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйесі енгізілген.
2006 жылдан бастап зауытта ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес келетін біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілді.
2023 жылдың маусым айында ҚР СТ ИСО 9001-2016 (ISO 9001:2015, IDT), ҚР СТ ИСО 14001-2016 (ISO 14001:2015, IDT) талаптарына сәйкестігін растау үшін ББЖ қайта сертификаттау аудиті жүргізілді. ҚР СТ ISO 45001-2019 (ISO 45001:2018, IDT) еңбек қауіпсіздігі жүйесінің және денсаулықты қорғау талаптарына сәйкестігін растау үшін сертификаттау аудиті. Біріктірілген басқару жүйесі талаптарға сай деп танылды